Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вице-министр жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарау керек екенін айтты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау вице-министрі ОҚК-де өткен брифинг кезінде Қазақстандағы жедел жәрдем қызметі жүктемесінің қалай төмендейтінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният халықты жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарауға шақырды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ажар Ғинияттің сөзінше, 103 қызметіне деген жүктеме бірнеше есеге өскен.

Вице министр Covid-19 індетіне дейін жедел жірдем қызметіне күніне 15 мың қоңырау келіп түссе, бүгінде бұл санның екі есейге көбейгенін атап өтті. Белгілі болғандай олардың 14%-ы КВИ белгілері бойынша болып отыр.

Пандемияға байланысты келіп түскен қоңыраулардың 33,7% -ында науқастар ауруханаларға жатқызылған. Қалғандары амбулаториялық емдеу үшін емханаларға жіберілді.

Ғиният жедел жәрдем көліктерінің жетіспейтінін атап өтті. Оның сөзінше, қазірпгі таңда елде 1967 көлік бар.

Айтуынша, Алматы, Павлодар және Түркістан облысында "жедел жәрдем" көлігімен қамтамасыз ету стандартта бекітілген нормадан төмен.

Вице министр аталған мәселені шешу үшін қазіргі таңда әкімдіктермен дәрігерлер мен пациенттерді тасымалдауға, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жеткізуге медициналық емес мекемелерден автокөлік құралдарын тарту мәселесінің пысықталып жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният жедел жәрдем дәрігерлерінің тұрғындардың тарапынан даурығулардың болып жатқанын айтты.

"Қазіргі таңда олардың жоғарғы психикалық және физикалық жүктемемен жұмыс істеп жүргенін ескеру керек. Бірінші кезекте олар өлім аузында жатқан науқастарға барады. Сол себепті оларға түсіністікпен қарап, өз кезектеріңізді күтуді сұраймыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863311-vice-ministr-zedel-zrdem-kyzmetkerlerine-tsinistikpen-karau-kerek-ekenin-ajtty/

pixel