RU

Елімізде екі қала 5 шілдеден бастап жабылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап өңірдегі екі ірі қаланың карантинге жабылатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңір басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Өңір басшысының мәліметінше, облыс кез келген жағдайға дайын.

Аймақта 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік орын және қарқынды терапия палатасы дайындалған. Оған қоса облыста адамдар жедел медициналық көмек ала алмайтын елдімекен жоқ. Медициналық мекемелер мен атқарушы биліктің өзара әрекет ету алгоритмдері жасалып, бекітілген.

"Оқиға дамуының ең жағымсыз сценарийіне жол бермеу үшін біз 5-шілдеден бастап Өскемен және Семей қалаларын жабамыз. Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19-ға қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті. Карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артты", - дейді өңір басшысы.

Тағы да оқыңыздар

"Кейде эмоцияға ерік береді": Жеңіс Қасымбек дәрігерлер үшін кешірім сұрады

Ахметов қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды екенін жеткізді.

"Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз.

Бұл ретте айта кетейін, кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚО (қысқартылған кесте бойынша) жұмысын жалғастырады. Біз енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз.

Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді. ⠀ Бүгінде әлеуметтік қашықтық, өзін - өзі оқшаулау, маска режимін сақтау - бұл адамдардың өз қауіпсіздігі үшін жасайтын қадамдардың ең азы.

Тағы да оқыңыздар

"Саябақтар жабылмайды": Алматыда демалыс күндері қандай шектеулер болады

Біз өз кезегімізде өңір ауруханаларын қажетті техникамен және дәрі - дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс жиынтықтарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасадық. Қазір біздің ортақ міндетіміз шектеу шараларын бірге сақтау және вирустың таралуына жол бермеу", - дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде екі қала 5 шілдеден бастап жабылады