Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 адамға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте денсаулық сақтау вице-министрі елдегі коронавирустан болған өлім-жітім статистикасын жариялады. Бүгінде Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 200-ге жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 адамға жетті

Көрнекі фото: pexels.com: Depositphotos

Бүгін таңертең денсаулық сақтау министрлігінің соңғы статистикасы Қазақстанда коронавирустың 188 қайтыс болғанын көрсеткен болатын.

11:00-де ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте вице-министр Ажар Ғиният өлім саны 200-ге жеткенін, олардың барлығы ауруханада қайтыс болғанын жеткізді.

Ол коронавирус инфекциясына қатысты жағдай тек Қазақстанда ғана шиеленісуде емес, әлемде Covid-19-дың екінші толқыны басталып жатқанын қоса кетті.

Қазақстанда вирус жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді, ай сайынғы орташа өсім 4,5%-ды құрайды, аймақтарда ауру 2-8% -ға өсуде.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі бүгін медицина қызметкерлерінің арасында коронавирустан 18 адам қайтыс болғанын хабарлады. 500-ден астам медицина қызметкері инфекцияға қарсы ем алуын жалғастырып жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде бір айда пневмониядан 600-ден аса адам көз жұмған

Қайтыс болған ақ халаттылардың көбі Covid-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Қазақстанда коронавируспен қоса, пневмония дерті де өршіп тұр, маусым айының өзінде 600 адам көз жұмған.

Бас дәрігердің айтуынша, 2020 жылы пневмониядан қайтыс болу деңгейі 2019 жылғы өлім-жітім деңгейінен аспайды. Дегенмен, осы жылдың маусымы 2019 жылдың маусымындағы көрсеткіштерді асып түскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 адамға жетті