Выйти
RU

Түркістан облысында медициналық қолғаптарды сынаған хирургтің қызметі өсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында медициналық қолғаптардың сапасын сынға алып, кейін жұмысынан босатылған хирургтің қызметі жоғарылады. Белгілі болғандай дәрігер бүгіннен бастап жаңа қызметке кіріскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында медициналық қолғаптарды сынаған хирургтің қызметі өсті

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Түркістан облысы Келес аудандық ауруханасының хирург дәрігері қызметін атқарған Қайрат Сейдуәлиев енді Сарыағаш аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасындағы тікелей эфир кезінеде мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгін Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашаев бұл іске араласып, мән-жайды анықтап, нәтижесінде жұмыстан шығарылған Қайрат Сейдуәлиев жаңа жұмысқа орналастырылған.

Тікелей эфир барысында облыс әкімінің орынбасары Қалқаманов қазіргідей медициналық қызметкерлердің қызметі қат кезінде түсіністікпен қарап, емдеу мекеме басшыларына қызметкерлеріне мұқият болып, жұмыстан босатпауды сұрады.

Тағы да оқыңыздар

"Денсаулығы жақсарды": Елжан Біртанов ауруханадан шықты

"Қазіргідей кезде дәрігерлерді жұмыстан босатуға болмайды. Барлық аурухана басшыларына осындай үндеу жасағым келеді. Қандай да бір кемшілік болса оны видеоға түсіріп тарату да дұрыс емес. Мекеме басшысына, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, тым болмаса облыс әкімі орынбасарларына шағымдансын", - дейді Сәкен Қалқаманов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында медициналық қолғаптарды сынаған хирургтің қызметі өсті