Выйти
RU

Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та үш бала тәрбилеп отырған Карин Фортуэнглер Адамның отбасы тағы бір баламен толықты. Бір қызығы ерлі-зайыптылар төртінші балаларының болатынын босануға санаулы минуттар қалған кезде бір-ақ біліпті деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Фото: bigpicture.ru

Пенсильвания штатында тұратын Карин тоғыз ай бойы өзінің аяғы ауыр екенін білмеген.

Айтуынша, ол емізулі баласы болғандықтан және шаршаңқы күйінің салдарынан жүктілік белгілеріне, тіпті, назар аудармапты.

Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Фото: bigpicture.ru

Келіншек таңда жүрегінің айнығанын жиі сезетінін айтады. Алайда оның төрт жасар қызы Шарлотта, 2 жасар ұлы Роджер және бір жасар қызы Каролина да құсып жүргендіктен, ол балалардан белгісіз бір вирус жұқтырып алдым деп ойлаған.

Тағы да оқыңыздар

Балқашта жүкті әйелді бұрынғы күйеуі аяусыз ұрып-соғып, басын жарған (видео)

Каринның сөзінше, ол толғақты сезгенде ғана өзінің босанғалы жатқанын түсініпті.

"Күйеуім таңда 5:15-те тұрып, жұмысқа жиналып жатты. Сонда мен: Сен мені есінен адасқан деп ойлауың мүмкін, бірақ мен босанғалы жатқан сияқтымын" дедім", - деп есіне алды Карин.
Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Фото: bigpicture.ru

Адам әріптестеріне жұмысқа келмейтінін ескертіп, әйелін ауруханаға апарған. Олар 6:15-те мекемеге жеткен.

"Дәрігер ультрадыбыстық зерттеуді бастағаны сол еді, бірден: "Иә, сәбиді көріп тұрмын" деді", - дейді Карин.
Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Фото: letidor.ru

Толғақ уақытынан бұрын басталып, дәрігерлер Каринді босандырып алуға шешім қабылдайды.

Жиырма минут өткен соң Карин төртінші сәбиін қолына алды. Ол қызының есімін Кэтрин деп қойды. Сәби 2 келі 640 грамм болып дүниеге келген.

Тағы да оқыңыздар

"Анасына көмек керек": Салмағы 350 келі болған қарағандылық азамат қайтыс болды

Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Фото: letidor.ru

"Шынымды айтсам, жүкті екенімді білгенде көзіме жас алдым. Бұған дейін енді балалы болмаймыз деп жоспарлаған едік", - дейді Карин.

Ал Адам жұбайына қарағанда төртінші рет сәбилі болатынын білгенде қуанғанын атап өтті.

Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген

Фото: letidor.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өзінің жүкті екенін босанарда бір-ақ білген бразилиялық бойжеткен туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көпбалалы ана төртінші сәбиге аяғы ауыр екенін босануға 20 минут қалғанда білген