RU

Министрлік Covid-19 және пневмониямен ауыратындарға дәрі-дәрмекті тегін беруді тапсырды

Telegram logo VKontakte logo

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің әкімдіктеріне ауырып жатқан науқастарға тегін антибиотиктер мен қызуды түсіретін дәрілер жеткізу туралы тапсырма берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, ведомство емханалардың бас дәрігерлерімен жиналыс өткізген.

Отырыс кезінде медициналық мекемелер қазақстандық науқастарға тегін дәрі-дәрмек бере алады деген шешім қабылданған. Бұл жіті вирустық инфекция мен пневмонияға байланысты амбулаториялық ем қабылдап жатқандар адамдарға қатысты.

Науқастарға міндетті медициналық сақтандыру аясында антибиотиктер мен температураны түсіретін дәрілер берілуі тиіс.

Дәрі-дәрмектерді жеткізу ақысыз болады. Оларды клиника жанындағы мобильді топтар тарату керек.

Бұндай бұйрықты Денсаулық сақтау министрлігі берген. Тиісті хаттар қала мен облыс әкімдіктеріне жіберілген.

Тағы да оқыңыздар

COVID-19: Қауіпті дертке шалдыққан шенеуніктер қалай емделіп жатыр

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде дәрі жетіспеушілігі туындағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы құрамында парацетамол бар дене қызуын басатын дәрілік препараттардың тізімін жариялаған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Министрлік Covid-19 және пневмониямен ауыратындарға дәрі-дәрмекті тегін беруді тапсырды