Выйти
RU

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі өмірден өтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болды. Суыт хабар жайлы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі өмірден өтті

Фото: РИА Новост/Виталий Тимкив

"Абдулманап Нурмагомедовтың дүниеден өткені туралы суыт хабар келді. Мен бүкіл шешен халқының атынан Абдулманап Магомедовичтің отбасына қайғырып көңіл айтамын! Ол артынан лайықты ұрпақ пен есімін қалдырып, арамыздан кетті! Бұл құдіретті Құдайдың қалауы, тағдыр осылай!
Біз Алладан өзінің құлын кешіріп, жәннаттан орын нәсіп етуін дұға етеміз. Алла оның жақындары мен туыстарына сабыр берсін. Барлығымыз Аллаға тиіспіз, ерте ме кеш пе барлығымыз соған қайтамыз", - деп жазды Қадыров өзінің Telegram арнасында.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түскені хабарланды. Алайда ауруханаға жатқызу себебі айтылмаған болатын. Кейінірек жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Тағы да оқыңыздар

"Мыңдаған адам жиналды": ҚМДБ Смановтың жаназасына қатысты пікір білдірді

Басылым беттерінде оның комаға түскені жарияланды. Кейін бапкердің досы, спорт комментаторы Рамазан Рабаданов Абдулманап Нурмагомедовтың есін жиғанын, алайда біраз емделу керектігін мәлім еткен болатын.

Сонымен қатар Хабибтың менеджері Али Абделазиз да Абдулманап Нурмагомедовтың хал-жағдайын айтып берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хабиб Нурмагомедовтың әкесі өмірден өтті