Выйти
RU

Түркия қазақстандықтарға елге кіруге тыйым салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркия билігі Қазақстан азаматтарының елге кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдады. Шектеу екі аптаға енгізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Эйр Астана әуе компаниясының ресми Telegram арнасына сілтеме жасап.

Түркия қазақстандықтарға елге кіруге тыйым салды

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Түрік билігі Air Astana әуе компаниясына Түркияға Қазақстан азаматтарына екі апта ішінде кіруге тыйым салынғанын хабарлаған.

Бұған 2 шілдеде жарияланған Қазақстандағы карантиннің күшейтілуі себеп екен.

Түрік билігінің пайымдауынша бұл шаралар уақытша жасалады. Шектеулер екі аптадан кейін алынып тасталмақ.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан Антальяға және Ыстамбұлға ұшулар Түркиядағы демалысы аяқталып, елге оралатын қазақстандықтарды алып келу үшін жалғасады.

Айта кету керек, Түркияға ұшатын рейстердің кестесі өзгермек, ол туралы жолаушылар электрондық пошта және sms хабарландыру арқылы хабардар етіледі.

Тағы да оқыңыздар

5 шілдеден бастап карантин енгізіледі: Ұшақ пен пойыз қозғалысы шектеле ме

Еске сала кетсек, бұған дейін Бейбіт Атамқұлов Түркия мен Қазақстан арасындағы халықаралық әуе қатынастарын маусым айында қайта жандандыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

Мәселен 20 маусым күні Air Astana ұшуға шектеу қойылғалы бері алғаш рет шетелге рейс жасап, Алматыдан Антальяға 141 жолаушыны апарды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркия қазақстандықтарға елге кіруге тыйым салды