Выйти
RU

Мысырда коронавирус туралы деректерді таратқан дәрігерлерді тұтқындауда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мысыр билігі коронавируспен күрес туралы мәліметтерді тарататын және мәселелер туралы ашық мәлімет беретін медициналық қызметкерлерді тұтқындауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Мысыр билігі коронавирус туралы деректерді таратқан дәрігерлерді тұтқындады

Фото: dailynewssegypt.com: UGC

Беглігі болғандай, наурыз айынан бері кемінде тоғыз дәрігер мен басқа да медициналық қызметкерлер тұтқындалған.

Олардың барлығы COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес саласындағы мемлекеттік саясатқа наразылықтарын білдірген.

Атап айтқанда, медициналық қызметкерлер мемлекеттік ауруханаларда қорғаныс құралдарының жоқтығын, халықтың жаппай тексеруден өтпейтінін, әріптестерінің арасында көз жұмғандардың барын және вирус жұқтырудың жаңа деректері туралы ақпаратты рұқсатсыз таратып отырған.

Coda басылымы мұндай іс-әрекеттерді үкімет жалған ақпарат тарату деп қарастыратынын атап өтті. Нәтижесінде дәрігерлер күйзеліс жағдайында, қажетті қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуге мәжбүр.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда сауда орталықтары жұмыс істей ме: Тоғжанов жауап берді

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында медициналық қолғаптың сапасын сынаған хирургтің жұмыстан босатылғаны туралы жазған едік.

Алайда кейінірек дәрігердің жаңа жұмысқа орналасып, лауазымы жоғарылағанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мысырда коронавирус туралы деректерді таратқан дәрігерлерді тұтқындауда