Выйти
RU

Тоққа қосылған кір жуғыш машинада 12 минут айналған мысық аман қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Австралиядағы Маручиодора қаласының маңында тұратын мысық тоққа қосулы тұрған кір жуғыш машинаның ішінде 12 минут айналып, аман қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Тоққа қосылған кір жуғыш машинасында 12 минут жатқан мысық аман қалды

Фото: Жеке мұрағат: UGC

Екі жастағы Оскар Аманда Мередит есімді мысықтың иесі күйеуі кір жуғыш машинасын іске қосқаннан кейін әлдеқандай дауыстарды естігенін айтады.

Австралиялық келіншек дыбыс шкафтан шығып жатыр деп ойлаған. Алайда ол бұған дейін жуылып қойған киімдерді жаю үшін сыртқа шығып, қайта үйге кіргенде дауыстың әлі барын аңғарады.

Сол сәтте әйел бірден мысығын іздей бастайды. Анықталғандай, ол кір жуғыш машинаның ішінде киімдермен бірге айналып жатқан.

"Бейшара мысық табанымен әйнекке жабысып алыпты. Айналып, маған қарап тұрды. Сұмдық болды", - дейді Аманда.

Тағы да оқыңыздар

Дене қызуы көтерілсе де қыз ұзатпақ болған ару елдің қаһарына ұшырады (фото)

Иесі Оскарды байқағаннан кейін бірден машинаны өшірген. Алайда есігі толықтай ашылу үшін екі минут күтуіне тура келген.

Ал үй жануары біршама жарақат алып, бір туәлік ветеринарлық клиникада ем алған.

Оскар үйге оралғаннан кейін жеті күн көз ашпай ұйықтаған. Тағы бірнеше күннен кейін толықтай жазылған.

Ветеринар мұндай жағдайлардың жиі орын алып тұратынын айтады. Оның сөзінше, кір жуғыш машинасы мысықтар үшін ұйықтауға ыңғайлы жерлердің бірі.

Маман үй жануарларының иелеріне кір жумас бұрын құрылғына алдын ала тексеруге кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін бейнебақылау камераларынан бір жыл бұрын өлген мысығын көрген келіншек жайлы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоққа қосылған кір жуғыш машинада 12 минут айналған мысық аман қалды