Выйти
RU

5400 теңге тұратын мобильді топ қызметі халыққа тегін бола ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанынан құрылатын мобильді бригадалардың қызметі халыққа тегін болатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирус: 5400 теңге тұратын мобильді топ қызметі халыққа тегін бола ма

Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

«Бұл (мобильді топтар) – халыққа тегін көрсетілетін жедел жәрдемнің жаңа қызметі. Мемлекет әр шақырту бойынша МӘМС (Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру) қоры арқылы төлейтін болады. Олар науқастармен байланыста болғандардан және симптомы барлардан COVID-19-ға ПТР-тест алады», - деді министрліктен.
  • Белгілі болғандай, мобильді бригадалар емханалар жанынан құрылған.
  • Қызметі - коронавирус симптомы бар және пневмониямен ауырғандарды, сондай-ақ стационарда емделіп шыққан науқастарды бақылау.
«Сонымен бірге мобильді топтар созылмалы ауруы бар адамдарды, жүкті әйелдер мен балаларды үйінде бақылайтын болады. Мобильді бригадалардың қызмет төлемін Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры жүргізеді. Әр шақырту үшін емханаларға 5400 теңге аударылады. Мобильді топтардың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыздар

Министрлік Covid-19 және пневмониямен ауыратындарға дәрі-дәрмекті тегін беруді тапсырды

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мемлекетік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы жарияланған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
5400 теңге тұратын мобильді топ қызметі халыққа тегін бола ма