Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында балаларға қарбызды қабығымен жегізген адам ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізіп, өз бетінше жазалаған ер адам ұсталды деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында балаларға қарбызды қабығымен қоса жегізген адам ұсталды
Фото: polisia.kz: UGC
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облыстық департаментінің қызметкерлері бір видеоға назар аударған.
Онда ер адам екі баланы қарбыздың қабығын жеуге мәжбүрлеген сәті көрінеді. Мұның бәрін видеоға түсірген кезде былапыт сөздер де айтыпты. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді тәртіп сақшылары.

Балаларға қарбызды қабығымен қоса жегізген азамат Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты.

Ал қоғамда үлкен пікірталас тудырған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген екен.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тарта алады, - деп атап өтті полицейлер. 

Естеріңізге ала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның екі кішкентай баланы піспеген қарбызды қабығымен жеуге мәжбүрлегені анық көрінген видео таралған болатын.

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, ұлдар қарбызды бөтен біреудің егістігінен ұрламақ болған, сол сәтте оларды егіс қожайыны ұстап алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863419-trkistan-oblysynda-balalarga-karbyzdy-kabygymen-kosa-zegizgen-adam-staldy/

pixel