Выйти
RU

Көкшетау ауруханаларында медициналық қызметкерлер жетіспейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көкшетауда коронавирус инфекциясымен күресу бойынша бригада құру үшін дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар жетіспейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Көкшетау ауруханаларында медициналық қызметкерлер жетіспейді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлеуметтік желіде өңірдің медициналық қызметкерлеріне "Әріптестер! Көкшетау қалалық ауруханасына! Шұғыл! Дәрігерлер қажет, әсіресе, анастезиолог-реаниматолог, инфекционист және барлық мамандықтағы дәрігерлер, сондай-ақ, коронавирус инфекциясымен күресу бойынша бригада құру үшін дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар жетіспейді" деген мазұмнды үндеу тарап жатыр.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында облыста 400 астам дәрігер тапшылығы байқалған.

"Қазіргі кезде өңірдегі 121 медициналық қызметкердің коронавируске тесті оң нәтиже көрсетті. Олар қатардан шықты, бұған қоса, олардың әрбіреуімен жақын байланыста болған адамдар қарантинде жатыр. Бірқатар медицина қызметкері науқастануына байланысты жұмысқа жарамсыз", - деп жалғастырды ведомстводан.

Тағы да оқыңыздар

Вице-министр жедел жәрдем қызметкерлеріне түсіністікпен қарау керек екенін айтты

Ведомстводан атап өткендей, облыста жоқ дегенде 25 анестезиолог-реаниматолог қажет. Медбикелер де көп жетіспейді.

"Белгілі болғандай дәрігерлердің көбі тәуекел тобындағылар. Мысалы, созылмалы аурулары барлар мен зейнеткерлер, оларға бұл шараға қатысуға болмайды", - толықтырды денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Ақтөбедегі ауруханада үш тәулікте пневмониядан 25 науқас қайтыс болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көкшетау ауруханаларында медициналық қызметкерлер жетіспейді