Выйти
RU

45719-ға жетті: Елде өткен тәулікте 1644 адамнан коронавирус расталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елде өткен тәулікте 1644 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 45719 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

45719-ға жетті: Елде өткен тәулікте 1644 адамнан коронавирус расталды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның ішінде 1072 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 71 / 34

Алматы қаласы - 114 / 52

Шымкент қаласы - 101 / 54

Ақмола облысы - 42 / 39

Ақтөбе облысы - 41 / 32

Алматы облысы - 117 / 93

Атырау облысы - 377 / 325

Шығыс Қазақстан облысы - 152 / 81

Жамбыл облысы - 82 / 66

Батыс Қазақстан облысы - 110 / 35

Тағы да оқыңыздар

Тағы 1501 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 44 мыңнан асты

Қарағанды облысы - 76 / 48

Қостанай облысы - 52 / 37

Қызылорда облысы - 37 / 23

Маңғыстау облысы - 114 / 105

Павлодар облысы - 68 / 15

Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 11

Түркістан облысы - 71 / 22.

Айта кетейік, Ақтөбе ауруханасында үш тәулікте 25 науқас пневмониядан көз жұмды. Олардың арасында белгілі дәрігер- невролог Дон Қожақұлов та бар. Негізінен, өлім себебі - өкпедегі тромбтардың түзілуі. Ұюдың пайда болуына жол бермес үшін барлық науқасқа қан сұйылтатын препараттар тағайындалады. Бірақ, ол барлық жағдайда бірдей көмектеспейді, сондықтан науқастар қайтыс болып жатыр.

Қазір жансақтау бөлімінде 18 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып жатыр. Мекемеде оттегі бар, бірақ соңғы кезде үш есе көп жұмсалуда. Нақтырақ айтсақ, тәулігіне 2,5 тонна. Препараттарда да дәл сондай жағдай. Бір айда жұмсалатын дәрілер 5 - 6 күнде бітеді. Науқастар арасында ақ халаттылар да көп.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
45719-ға жетті: Елде өткен тәулікте 1644 адамнан коронавирус расталды