Выйти
RU

5 шілдеден бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ертеңнен бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқталады. Бұл туралы Қазақстан Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

5 шілдеден бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады

Көрнекі фото: NUR.KZ

"COVID-19 ауруының бақылаусыз өсуіне жол бермеу және денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін азайту мақсатында Мемлекеттік комиссия осы жылғы 5 шілдеде 00-00 сағаттан бастап 14 күндік қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы шешім қабылдады", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Осыған байланысты 3 шілдеде ҚР ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 44-ші қаулысы шықты.

"Қаулыға сәйкес, өңірлер арасында әуе қатынастарының саны мен рейстер жиілігі арттырылмай сақталады. Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау қысқартылады. Қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады. Жолаушылардың жалпы вагондары жасақталмайды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, Елде өткен тәулікте 1644 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 диагнозы расталғандар саны 45719 адамға жетті. Оның ішінде 1072 клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
5 шілдеден бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады