Выйти
RU

Шектеу: Түркияға қазақстандықтардан кімдер еркін кіре алады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгіннен бастап Түркия Қазақстан азаматтарының келуіне шектеу енгізді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шектеу: Түркияға қазақстандықтардан кімдер еркін кіре алады

Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Мемлекеттік комиссия шешімімен ертеңнен бастап карантиндік режим енгізіледі. Азаматтық авиация саласында бүкіл ішкі рейстер орындалады. Ешқандай шектеу жоқ. Бүгінгі таңда апта сайын 45 бағыт бойынша 457 рейс орындалады. Оларға ешқандай шектеу болмайды, жалғастыра береміз", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, халықаралық бағытта бұған дейін ашылған Түркия мен Оңтүстік Кореяға ғана рейстер орындалады.

"Бірақ, кеше біз Түркия тарапынан ресми шешім алдық. Бүгіннен бастап Түркия біздің азаматтарымыздың өз еліне кіруіне шектеу енгізеді. Сондықтан Оңтүстік Кореяға ғана әуе рейстері қалады. Жаңа рейстер ашылмайды", - деді Талғат Ластаев.

Тағы да оқыңыздар

Түркия қазақстандықтарға елге кіруге тыйым салды

Комитет басшысының айтуынша, Түркияда уақытша тұруға және жұмыс істеуге рұқсаты бар Қазақстан азаматтары бұл елге еш кедергісіз кіре алады.

"Осыған байланысты рейстер бүгін дейін әуе компанияларымыз Түркияға апарған жолаушыларды алып келу үшін орындалады. Әуе компаниялары тарапынан барлық міндеттемелер толық орындалады", - деді ол.

Айта кетейік, Түркия билігі Қазақстан азаматтарының елге кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған еді. Шектеу екі аптаға енгізілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шектеу: Түркияға қазақстандықтардан кімдер еркін кіре алады