Выйти
RU

Сағынтаев 5 шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин жайлы мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 5 шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин шаралары жайлы мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ шаһар басшының Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Сағынтаев 5 шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин жайлы мәлімдеме жасады

Фото: NUR.KZ: Original

"5 шілденің түн жарымынан қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында шектеу шараларын енгіземіз. Бірқатар ұйымдардың, сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмыстары екі аптаға тоқтатылады. Олардың тізімімен ресми сайтта жарияланған қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысынан оқып, білуге болады. Жұмыс істеуге рұқсат етілгендердің санитарлық нормаларды сақтаулары қатаң бақылауға алынады.

Бүгін біз денсаулық сақтау жүйесінің материалдық техникалық базасын күшейтуді жалғастырудамыз. Провизорлық және қарантиндік орталықтарды кеңейтудеміз, медик мамандарды дайындаудамыз. Айтып өткенімдей, біздің дәрігерлерге өте үлкен салмақ түсуде. COVID-19-бен ауырған науқастар саны артуда. Сондықтан әрбір алматылықтың қарым-қатынасты, байланысты барынша шектеуі өте маңызды. Өзін-өзі оқшаулау мен санитарлық нормаларды қатаң сақтау — өмір сүрудің басты ережесіне айналуда.

Тағы да оқыңыздар

Ішкі істер министрі 14 күндік карантинге байланысты мәлімдеме жасады

Екі аптадан соң жұмыс жасауды ұзарту немесе тоқтау туралы шешім қабылданады. Осынау уақытша қиындықты жеңу үшін саналылық пен жауапкершілік танытатынымызға сенемін",- деді ол.

Айта кетейік, ертеңнен бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқталады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сағынтаев 5 шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин жайлы мәлімдеме жасады