Выйти
RU

Алматыдағы қатаң карантин: 5 шілдеден бастап қандай шектеулер енгізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

COVID-19 таралуын болдырмау үшін Алматыда 5 шілдеден бастап қатаң шектеу шараларын енгізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің ресми Telegram парақшасына сілтеме жасап жазады.

Алматыдағы қатаң карантин: 5 шілдеден бастап қандай шектеулер енгізіледі

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді, және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша Мемлекеттік комиссияның шешімін орындау мақсатында қалалық Комиссияның отырысының қорытындысы бойынша Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Алматы қаласының аумағында 5 шілде 00.00-ден 2020 жылғы 20 шілде 00.00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілді.

Қала тұрғындарына эпидемиологиялық тәртіпті қатаң сақтау қажет:

- 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеулер енгізіледі;

- адамдарды шақырумен және шоғырландырумен байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынады (туған күндер, мерейтойлар, тойлар, астар және т. б.);

Тағы да оқыңыздар

Ішкі істер министрі 14 күндік карантинге байланысты мәлімдеме жасады

- жұмыс және қоғамдық орындарда (сауда объектілері, көшелер, саябақтар, әуежай және т. б.), қоғамдық көлікте маска тағу режімін және әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың басқа да демалыс орындарына баруларына болады. Сондай-ақ ашық ауадағы жеке жаттығуларға рұқсат.

Профилактикалық мақсатта көппәтерлі үйлердің подъездері мен аула аумақтарына дезинфекциялық шаралар аптасына 2 рет жүргізіледі, сонымен бірге, көшелер мен көпшілік орындарға, көппәтерлі үйлердің ошақ анықталған подъездеріне дезинфекция жасалады.

Covid-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында көрсетілген кезеңде жұқтыру қаупі жоғары келесі объектілердің қызметіне тыйым салынады:

- сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы террассалары мен жеке кіретін есігі бар стационарлық тамақтану объектілерін қоспағанда;

Тағы да оқыңыздар

Елімізде екі қала 5 шілдеден бастап жабылады

- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг-орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салу;

- жабық азық-түлік, сондай-ақ азық-түлік емес базарлар;

- жеткізу қызметін қоспағанда, 500 м²-тан асатын азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салу;

- балалардың сауықтыру лагерлері, білім бері орталықтарына, балалардың түзету кабинеттеріне, мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтардан басқа), балалардың бос уақытын өткізетін орындар мен қосымша білім беру орындарына тыйым салу;

- мәдениет нысандары, мұражайлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да нысандар;

- діни нысандар (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалары.);

- ұлттық олимпияда комитеті акредиттеген спорт базарларын қоспағанда барлық спорт объектілеріне (спорт алаңдары, кешендер, үйірмелер, секциялар бассейндер және т.б.);

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізіледі

- СПА-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, аквапарктердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсететін массаж кабинеттерінің қызметіне.

Сондай-ақ, 3 адамнан аспайтын жеке немесе бір отбасы мүшелерін қоспағанда, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды, жиналыс, кеңес, конференция, форум, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адам көп шоғырландыратын басқа да іс-шараларды, сонымен қоса отбасылық, естелік үшін жасалатын іс-шаралар үйде де ашық алаңда да (банкет, той, мерейтой, ас, құдайы тамақ және т.б) өткізуге тыйым салу.

Қызметіне рұқсат етілген мекемелер:

- медициналық орталықтар (алдын ала жазылу арқылы) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып;

Тағы да оқыңыздар

Сауда орталықтары мен базар жабылады: Алматыда тағы да карантин күшейтілмек

- дәріханалар, азық-түлік дүкендері (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), (ғимараттардан тыс) азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

- ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарына және ғимарат ішінде залда отыратын орындары 30-дан аспаған жағдайда, ұжымдық шараларды өткізусіз күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда. Тапсырысты сыртқа алып шығу және жеткізіп беру қызметіне рұқсат етіледі.

- үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың және ашық ауада құрылыс жұмыстарының қызметі күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып.

Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары кемінде 80% қызметкерлерді қашықтьқтан жұмыс icтey нысанына ауыстыруды (штат кестесі 30-дан астам қызметкер болғанда) қамтамасыз етулері қажет.

Тағы да оқыңыздар

Алматы облысында карантин күшейтілді

Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары барлық объектілерде күшейтілген дезинфекциялық режимді және қызметкерлер мен келушілердің санитарлық-карантиндік және шектеу шараларының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуі қажет.

Бірқатар нысандардың жұмыс форматы мен кестесіне шектеулер енгізіледі, олардың арасында:

- Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 09.00-ден 16.00-ге дейінге режимде қызметкерлерінің кемінде 50% жұмысын қашықтықтан істеуге көшеді және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн форматта қызмет түрлерін максималды түрде көрсетеді;

- Қаржы нарығы субъектілерінің қызметі уақыты мен саны бойынша шектеу бойынша қызмет етеді ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес;

- «Қазпочта» АҚ-жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатумен, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, онлайн режимде көрсетілмейтін қызметтер үшін жұмыс істейді;

Тағы да оқыңыздар

Солтүстік Қазақстанда демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі

- халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілері (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника, химиялық тазалау және т. б.) уақытша кезеңде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істей алады;

- Бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, нотариустар, бухгалтерлер және консалтинг, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері және т. б.), айырбастау пункттері, ломбардтар жұмыс күндері және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, жұмысын жалғастырады;

- туризм нысандары және қонақүйлерде тұратын адамдарға қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалары) өз қызметтерін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және тұратын адамдар (келушілер) 50%-дан аспаған жағдайда рұқсат етіледі. Қала өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлерінің тұруына рұқсат етіледі; Аталған нысандарды медициналық ұйымдар ретінде қайта бағыттауға жол беріледі.

Тағы да оқыңыздар

22:00-ден 06:00-ге дейін жүруге болмайды: Ақмола облысында карантин күшейтіледі

Қоғамдық көлік жұмысы келесідегідей тәртіппен реттеледі:

- қалааралық автобус тасымалдары тоқтатылады (бұл ретте өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге рұқсат етіледі);

- сенбі және жексенбі күндері қала маңындағы және қалалық қоғамдық көліктің, соның ішінде Метрополитеннің жұмысы толық тоқтатылады;

- қалалық қоғамдық көлік, соның ішінде Метрополитен және қала маңындағы автобус маршруттары 50%-дан аспайтын жолаушымен жұмысын жалғастырады.

Айта кету керек, қоғамдық көліктерде дезинфекция күн сайын әр айналымнан кейін тұрақты түрде жасалады.

Шектеу шараларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг және бақылау іс-шаралары жүргізілетін болады. Карантиндік режимді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 5 шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин жайлы мәлімдеме жасады.

Тағы да оқыңыздар

Степногорск пен Көкшетауға қатаң карантин енгізіледі

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы қатаң карантин: 5 шілдеден бастап қандай шектеулер енгізіледі