Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда демалыс күндері автобустар мен метро жұмыс істемейді

Опубликовано:

Оңтүстік астана әкімдігі карантин уақытында қоғамдық көліктің жүру тәртібін түсіндірді. Еске сала кетейік, Қазақстан аумағындағы қатаң карантин ертеңнен бастап өз күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Біріншіден, қалалар арасындағы автобустар тоқтайды. Алайда, жеке көлікпен өңірлер арасында қатынауға тыйым салынған жоқ. Қазақстандықтар өз көлігімен басқа қалаға емін-еркін бара алады.

Екіншіден, қалалық және қаламаңы қоғамдық көлігі демалыстарда өз жұмысын тоқтатады. Метрополитен де сенбі мен жексенбі күндері жолаушылары үшін жабық болмақ.

Ал жұмыс күндері қалалық және қаламаңы қоғамдық көліктері мен метро іші тек 50%-ға ғана толтырылатын болады..

Айта айту керек, күні бойы қоғамдық көліктерде міндетті түрде дезинфекция жасалады. Кезеңділігі - маршруттың бір айналымы.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде бесінші шілдеден бастап, екі апталық қатаң карантин енгізілетінін хабарлаған болатын.

Ал бүгін, Алматы әкімдігінің ресми сайтында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шығып, белгіленген аралықта енгізілетін шектеулердің толық тізімі жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863464-almatyda-demalys-knderi-avtobustar-men-metro-zmys-istemejdi/

pixel