Выйти
RU

"Хабар" арнасы Елбасы туралы жаңа деректі фильм ұсынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

«Хабар» телеарнасының тапсырысымен «Человек-эпоха: дальше и выше мечты» деректі фильмі көрерменге жол тартады. Аталмыш шығарылымда еліміздің тәуелсіздік қарсаңындағы алапат кезеңі мен Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаруымен бастау алған зайырлы мемлекетіміздің тарихи кезеңдері суреттеледі. Еліміз үшін тарихи, шешуші кезеңдерден сыр шертетін деректі фильмді Хабар телеарнасынан, 5 шілде күні, кешкі сағат 21.30-да тамашалай аласыздар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Хабар 24" телеарнасының ресми сайтынан

Фото: "Хабар 24" телеарнасының ресми сайтынан: UGC

Еліміздің егемендік қарсаңында еңсерген ерең сәттері, сол кездегі қарашаның қорқынышы мен үміті, қуанышты күндері мен күмән тудырған тұстары, жеңісті сәттер мен қиынқыстау күндері осынау фильмде көрініс табады.

Сондай-ақ, туындыда, күні бүгінге дейін сіз бен бізге беймәлім болған, Елбасының нар тәуекелге барған батыл қадамдары туралы Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Зинаида Федотова, Нұртай Әбіқаев, Қайрат Саудабаев, Темірхан Досмұхамбетов, Қайырбек Сүлейменов сынды қоғам қайраткерлері сөз қозғайды.

Тағы да оқыңыздар

Елордада Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды (фото)

Еліміз егемендікке қалай жетті? Тұғыры биік тәуелсіз мемлекет қалай құрылды? Ол үшін қандай реформалар жүргізілді? Жаңа астананың құрылуы қалай жүзеге асты? Дүние жүзі мен облыстардағы қауіпсіздік пен бейбіт өмірді сақтау жолында жасалған Елбасының қарымды қадамдары қандай болды?

Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Человек-эпоха: дальше и выше мечты» деректі фильмінен көре аласыздар.

Ұлы дәуірдің ұлағаты мен Елбасы жолы – елдік жолы туралы арнайы шығарылымды Хабар телеарнасынан 5 шілде күні, кешкі сағат 21.30-да бірге тамашалайық.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Хабар" арнасы Елбасы туралы жаңа деректі фильм ұсынады