Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алғаш рет робот диплом алды: Ерекше рәсім қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің бітіруші түлектерін құттықтау рәсімінде алғаш рет дипломдар робот арқылы табыс етілді. Цифрлы технологияның дамыған үлгісі ретінде қызметін сәтті атқарған роботтың сұлбасы мантиямен үйлесім тапқан. Ал салтанатты рәсімде ZOOM-мен байланысқа шыққан студенттің өзі "темір адамның" экранында бой көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ррррр
Фото: bilimdinews.kz: Facebook

Бұл туралы жоғары оқу орнының ақпараттық имидждік қызметі мәлімдеді.

Әлемді жайлаған эпидемияға байланысты онлайн конференция форматында өткен диплом табыстау рәсімі университет тарихында бірінше рет жүзеге асты.

Сонымен қатар, сақтық шараларының қатаң талаптарын сақтау да назардан тыс қалмаған. 

ZOOM платформасы арқылы өткен диплом табыстау рәсіміне бітіруші түлектермен қатар университет ректоры Ержан Әмірбекұлы және профессор-оқытушылар құрамы мен ата-аналар қатысты. 

ЖОО басшысы бітіруші тілектерді құттықап, өзінің жылы лебізін білдірген.

"Мен сіздердің осы жерден аялдамай, ары қарай да өз дамуларыңызды жалғастыра түсетіндеріңізге толықтай сенімдімін. Кейбіріңіз жемісті ғылыми қызметпен айналысасыздар, кейбіреулеріңыз шығармашылықпен шұғылдануды жөн санарсыздар, ендігілеріңіз тамаша балаларға жүрек беретін педагог атанып, алдыңғы шептегі меңгеруші болатындарыңыз сөзсіз. Десе де бұлтартпас бір қағиданың бары анық, ол: ТарМПУ сіздермен ұзақ жылдар бойы мақтанатын болады", – деді Ержан Әмірбекұлы.

Қысыл-таяң сәтке қарамастан бітіруші түлектерге арнайы құттықтау рәсімін ұйымдастырғаны үшін студенттер тарапынан да алғыс жолданды.

ррррр
Фото: bilimdinews.kz: Facebook

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бітіруші түлектері Ғалия Абылай мен Көркемжан Қанат өз сөздерінде университет оқытушылары мен басшылығының біліктілігі мен қолдауын тілге тиек етіп, барша бітіруші түлектер атынан рахмет айтты.

"Сапалы кадрлар мен нағыз педагогтарды даярлау ісінде алдыңғы қатарлы университеттердің біріне әрі бірегейіне айналған, ұстаздар ұстаханасы – Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті екені сөзсіз. Дәл осы ұядан ұлт мәртебесін жандандыруға үлес қосып жүрген ұстаздардың қанат қаққаны да белгілі. Сол себепті көптеген студенттерге мол мүмкіндік сыйлап, біздің болашақ ұрпақтың болашағына демеу болған Ustaz университетіне және барша бітіруші түлектерге ақ жол тілеймін", – деген Әсия Бөкенбайқызы ата-аналардың атынан ақ тілегін жеткізді.

Айта кетерлігі, биыл ТарМПУ-ды бітіруші түлектер саны - 2096, оның ішінде 41 магистр дәрежесіне иеленсе, 204 қызыл дипломмен тәмамдап отыр. 

Сонымен қатар, өз дипломдарын түлектер кез-келген уақытта университеттен келіп алып кетуіне болады. Өздері келе алмаған жағдайда сенімхат арқылы туыстарына табыстауға рұқсат берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863472-kazakstanda-algas-ret-diplom-tapsyru-rsimine-robot-katysty-foto/

pixel