Выйти
RU

Қазақстанда 5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бесінші шілдеден бастап, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының аралығында қатынайтын бірнеше пойыздардың жүру тәртібі өзгереді. Қатаң карантиннің алғашқы күнінен бастап, бірқатар пойыздар тіптен өз жұмысын тоқтатады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Бесінші шілдеден бастап «Алматы-Сарыағаш» (№321/322) бағытындағы пойыздың жүруі уақытша тоқтатылады.

Тағы да төрт бағыт бойынша пойыздардың жүру кезеңділігі қысқартылады:

• "Алматы-Нұр-Сұлтан" (№3/4) күнара (күнсайынның орнына);

• "Алматы-Павлодар" (№31/32) күнара (күнсайынның орнына);

• "Нұр-Сұлтан-Өскемен" (№67/68) күнара (күнсайынның орнына);

• "Нұр-Сұлтан-Достық" (№257/258) аптасына 1 рет (аптасына 2 рет орнына).

Бұдан басқа, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес 22 бағыт бойынша қала маңындағы пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, 8 бағыт бойынша жалпы вагондар алынып тасталады, 6 «Talgo» пойызында отыруға арналған орындары бар вагондар жабылады.

Тағы да оқыңыздар

Қарағанды облысындағы карантин: Қандай нысандар жұмыс істейді

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде бесінші шілдеден бастап, екі апталық қатаң карантин енгізілетінін хабарлаған болатын. Ол отандастарын барынша сақтық шараларын ұстануға шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды