Выйти
RU

Атырауда тегін дәрі-дәрмек алмақ болған халық ұзын-сонар кезекке тұрды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырауда қатаң карантин қарсаңында жергілікті халық ығы-жығы кезек ұйымдастырды. Қалалық мекемелердің бірі тұрғындарға тегін дәрі-дәрмек таратқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақ Жайық

Фото: Ақ Жайық: UGC

Ұзын-сонар кезек бүгін, төртінші шілде күні орын алған. Оған "Көмек Атырау" қоғамдық бірлестігінің акциясы себеп болды. Мекеме қызметкерлері қала тұрғындарына тегін дәрі-дәрмек таратқан.

Алайда, ұйымдастырушылар бір маңызды жайтты ескермеген болып шықты. "Ақ Жайық" басылымының жазуынша, олар ұажетті сақтық шараларын орындамай, адамдардың арақашықтығын қамтамасыз етпеген.

Фото: Ақ Жайық

Фото: Ақ Жайық: UGC

Қала әкімдігі бұл акцияға қатыстары жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері бұл "Көмек Атырау" бірлестігінің бастамасы екенін жеткізді.

Басылымның хабарлауынша, аталмыш шара тоқтатылып, оның ұйымдастырушыларын санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартуға уәде еткен.

Тағы да оқыңыздар

Сағынтаев 5 шілдеден бастап енгізілетін қатаң карантин жайлы мәлімдеме жасады

Фото: Ақ Жайық

Фото: Ақ Жайық: UGC

Оған қоса, әкімдік қала тұрғындарына үндеу жасап, оларды барынша сақтанып жүруге шақырды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі жақын арада қала тұрғындарына қажетті дәрілерді үйіне жеткізу ісі басталатынын хабарлады.

Сондай-ақ, халыққа көмек көрсетуге байланысты кез келген қосымша ұсыныстар қабылданып жатқаны белгілі болды. .

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда тегін дәрі-дәрмек алмақ болған халық ұзын-сонар кезекке тұрды (фото)