Выйти
RU

"Барлығы саясат дедім": Балғынбек Имаш басында вирустың барына сенбеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал ақын Балғынбек Имаш басында қауіпті індетттің барына мүлдем сенбегенін жайып салды. Белгілі айтыскер оны саясатпен байланыстырғанын да жасырмады. Алайда, бүгінде коронавирус салдарынан жақындары мен таныстарынан айырылған ол өзінің қатты қателескенін мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/balgynbek_official.

Фото: Instagram/balgynbek_official.: Instagram

Балғынбек Имаш күнде суық хабар естіп, жаназалардан көз ашпай кеткенін айтты. Айтыскер Instagram парақшасында бұл пандемияға арналған өлең жолдарын жариялап, вирусқа тым кеш сене бастағанына өкінді.

Сонымен қатар, ол мемлекеттің қатаң карантин енгізуін енді толықтай қолдайтынын жеткізді.

"Келесі апта карантинге жабады дей ме? Абайша: Басында вирус бар деп ескермедім, Зиянын естісем де тексермедім. Ер "кеткен соң" қабірдің қуысына, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Өзім де маска кимей төске өрледім, "Барлығы саясат" деп дес бермедім. Күнделікті естимін суық хабар, Режим сақтап отырсам өстер ме едім? Жаназадан көз ашпай, Мемлекетті, Карантинге жапқанын теріс көрмеді" , - деп жазды ол.

Тағы да оқыңыздар

"Той жасайды": Тоғжанов елде вирустың кең таралуына не себеп болғанын айтты

Еске сала кетейік, Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың ушыға бастауына орай мемлекеттік комиссия ел аумағына бесінші шілдеден бастап, екі апталық қатаң карантин енгізу шешімін қабылдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Барлығы саясат дедім": Балғынбек Имаш басында вирустың барына сенбеген