RU

Алматы әкімдігі жаңа карантиннің ТЖ режимінен айырмашылығы қандай екенін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін өткен онлайн-брифинг барысында оңтүстік астана әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бесінші шілдеден бастап іске қосылатын қатаң шектеу шаралары туралы айтып берді. Оған қоса, шенеунік енгізілгелі жатқан карантиннің төтенше жағдай режимінен қандай айырмашылығы бар екенн түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алматы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Тұяқбаевтың сөзінше, екі режимді салыстыра отырып, бүгінде енгізіліп жатқан шектеулер ТЖ кезіндегідей аса қатал емес екенін айтуға болады.

Спикер бұл тұрғыда мысал келтірді. Ол төтенше жағдай кезінде оңтүстік астанада тек өмір сүру үшін аса қажет мекемелер ғана жұмыс істегенін айтты.

Олардың ішіне дәріханалар, дүкендер, медициналық мекемелер, клммункалдық қызметтер кірді. Басқа ұйымдар болса мүлдем жұмысын тоқтатты.

Әкім орынбасарының мәліметінше, ол кезде жұмысбасты бір миллион халықтан бес есе аз адам қызмет етуін жалғастырды. ТЖ кезінде Алматыда тек 200 мың тұрғын ғана еңбек етті.

Тағы да оқыңыздар

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының тұрғындарына үндеу жолдады

Алайда, жаңа карантинде ондай қатаң талаптар жоқ.

Тұяқбаев биліктің есебі бойынша жұмысы бар азаматтардың үштен екі бөлігі қызметін жалғастыратынын айтты. Оған қоса, барлық басты салалар - сауда, құрылыс пен өндіріс сақталды.

Бүгінде мемлекет алдында екі маңызды мәселе тұр. Бірі экономика мен жұмыс орындарын сақтау болса, екіншісі Covid-19 індетінің таралуын тоқтату.

Шектеу шаралары науқастар санының арта түсуі салдарынан жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған.

Еске сала кетейік, Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдайдың ушыға бастауына орай мемлекеттік комиссия ел аумағына бесінші шілдеден бастап, екі апталық қатаң карантин енгізу шешімін қабылдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әкімдігі жаңа карантиннің ТЖ режимінен айырмашылығы қандай екенін айтты