Выйти
RU

Атырау тұрғындарына 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атыраулықтарға сағат 23:00-ден кейін үйлерінен шығуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары Сүлеймен Әубәкіров мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Атырау Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото: Атырау Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ведомствоның Facebook парақшасында хабарланғандай облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысына сәйкес, Атырау облысының аумағында 5 шілде сағат 00:00-ден бастап 19 шілде сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары енгізілген.

Оған сәйкес, облыс тұрғындарының қозғалысына кешкі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге шектеу қойылған.

"Алайда, азаматтардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруға және кері қайтуларына тыйым салынбайды. Тек бұл жағдайда олардың жұмыс орнынан берілген анықтама немесе қызметтік куәлігі өздерімен бірге болуы керек. Сондай-ақ, азық-түлік өнімдерін, қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді тұрғылықты жеріне жақын орналасқан дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға, төтенше жағдайлар туындаған кезде медициналық мекемелерге баруға рұқсат етіледі", - деді Сүлеймен Әубәкіров.

Тағы да оқыңыздар

Алматы әкімдігі жаңа карантиннің ТЖ режимінен айырмашылығы қандай екенін айтты

Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары тек Атырау облысындағ ғана емес бүгіннен бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау тұрғындарына 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды