Выйти
RU

Коронавирус жұқтырмас үшін иммунитетті қалай нығайтуға болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Астана медицина университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының доценті Роза Сүлейменова коронавирус жұқтырмас үшін иммунитетті қалай көтруге болатынын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Сүлейменованың айтуынша, ең бастысы - иммунитетті әлсіретпей, дұрыс тамақтану қажет.

Себебі ағзаның иммунитеті 30-40 пайыз ақуыздан және 50 пайыз жеміс-жидек пен көкөністен тұрады. Сондықтан жылқы, сиыр етінен, балықтан қайнатылған сорпаны ішкен жөн. Сонымен қатар, сұйықтықты көп ішкен абзал.

"Күніне 3-5 литрге дейін су, компот және морс ішуге болады. С витамині өте қажет ағзаға, ол алмада, лимонда, қарақатта мол болады", - дейді маман.

Доценттің сөзінше, көтеріңкі көңіл-күй де ауырып қалмауға көп септігін тигізеді екен. Күйзеліске түспеген дұрыс. Ешқашан байбалам салмай, уайымдамай, барынша сабыр сақтап, жақсылықтан үміт ету керек, өйткені иммундық жүйе осыған тікелей байланысты.

Тағы да оқыңыздар

"Таксистер дәрі тасып жүр". Ел тұрғындары ауруға шипаны өзге қаладан алдыруда

Сүлейменованың айтуынша, егер кеңседе және үйде жұмыс істейтін болсаңыз, онда бөлмені жиі желдетіп, сүртіп, тазалап отырған абзал. Маска киіп, гигиенаны сақтауды ұмытпау қажет.

Сондай-ақ, маман көпшілікті өз бетіңше емделмей, әуелі емханадағы учаскелік дәрігермен немесе жедел жәрдемге хабарласып, сондағы мамандармен ақылдасуға шақырды.

"Басыңыз ауырып, құрғақ жөтел, ентігу пайда болса, дене қызуы көтеріліп, иіс сезуден айырылсаңыз, әлсіздік пен тершеңдік сезінсеңіз, бірден мамандармен кеңесіп, ем-дом алыңыз", - дейді Роза Сүлейменова.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирустан қорғанудың тиімді тәсілдері туралы жазған едік.

Сонымен қатар иммунитетті көтеру үшін күн сайын ашқарынға су ішудің пайдасын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус жұқтырмас үшін иммунитетті қалай нығайтуға болады