Выйти
RU

Алкогольден 15 адам уланып көз жұмды: Қолдан ішімдік жасап сатқан үш күдікті ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында пластик бөтелкеге спирттік ішімдік құйып сатқандар ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

Агенттіктің мәліметінше, бұған дейін Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның мерт болғаны хабарланған.

Осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Кейіннен Ақмола облысында тағы 4 адамның ішімдіктен уланып көз жұмғаны анықталған.

"Спирттен улану жағдайы Ақмола облысында да тіркелді. Онда 4 адам көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі жалпы улану аясындағы жедел геморрагиялық панкреатиттен болған. Тергеу барысында Ақмола облысында спирттік ішімдікті саудаға шығарған цех анықталды. Цех ішінен сатылымға шыққалы тұрған зиянды ішімдік тәркіленді. Полицейлер Арқалық қаласындағы 4 дүңгіршектен 46 литр ішімдікті тапты.

Тағы да оқыңыздар

"Кешірім сұраған": Атырау облысында итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылды

Бұған қоса, жергілікті кәсіпкерден 408 бес литрлік бөтелке табылды. Алайда кәсіпкер спирттік ішімдіктің едәуір бөлігін сатып жіберген. Осы дерек бойынша пластик бөтелкеге спиртті құйып, сатқан 3 күдікті ұсталды. Айта кетейік, бұл сұйықтық адам ағзасына аса қауіпті саналады", - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Полицейлердің мәліметінше, қауіпті сұйықтық базарларда, жертөлелерде жасырын сатылуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға барынша сақ болуды ескертті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алкогольден 15 адам уланып көз жұмды: Қолдан ішімдік жасап сатқан үш күдікті ұсталды