Выйти
RU

Алматы облысында селфи жасамақ болған жасөспірім ауыр халде жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында смартфон камерасының көмегімен селфи-автопортрет жасауға әрекет жасаған кезде жазатайым оқиға тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Оқиға 1 шілде күні кешкі сағат тоғыз шамасында Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында болған.

Құзырлы органның мәліметінше, 2005 жылы туған жасөспірім селфи жасау үшін, өзінің үйінің жанындағы көшедегі электр бағанасына шыққан.

Электр тоғы соғуының нәтижесінде ол бағанадан жерге құлап, екі қолдың 1,2,3,4 дәрежелі электрлік күюін, жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың шайқалуы, беттің, дененің жұмсақ тіндерінің көптеген жаралары, төменгі еріннің және иектің тұсындағы құлатылған-жыртылған жаралар, екі білектің сүйектерінің сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған.

Көптеген жарақат алған жеткіншек Іле ауданының ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Осы орайда Алматы облыстық ТЖД селфи жасау кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді:

Тағы да оқыңыздар

Ақтөбе ауруханасында пневмониядан 25 науқас көз жұмды: Марқұмдар арасында дәрігер бар

– автомобиль және теміржол жолдарының қауіпті учаскелерінде, биік үйлердің шатырларында, салынып жатқан немесе құрылысы аяқталмаған ғимараттарда, электр бағаналарында және басқа да электр жабдықтарында, жартастар мен жартастардың шетінде және өмір мен денсаулыққа қауіпті басқа да орындарда;

– жақын жерде орналасқан қауіпті жануарлармен;

– аударылып кетуі мүмкін қайықтың және басқа да жүзу құралдарының шетіне тұрып;

– қозғалыстағы автомобильдің және басқа көліктің терезесінен шығып селфи жасауға болмайды.

"Адам өзін суретке түсіруге тырысқанда, оның назары шашыраңқы, денесі тепе-теңдігін жоғалтады, жан-жағына қарамайды және қауіп-қатерді сезінбейді. Сіз қауіпсіз жерде және сіздің өміріңізде ешқандай қауіп жоқ екеніне көз жеткізіп барып қана селфи жасаңыз!", - дейді құзырлы орган.

Тағы да оқыңыздар

"Бірге арақ ішкен": Түркістан облысында ер адам көршісін кірпішпен ұрып өлтірді

Еске салсақ, Түркияда қазақстандық ару құздан құлап қаза тапқан болатын. 31 жастағы Олеся Суспицина құрбысымен бірге саябаққа серуендеуге шыққан. Ол сонда сарқыраманың жанында тұрып селфи жасамақ болған көрінеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында селфи жасамақ болған жасөспірім ауыр халде жатыр