Выйти
RU

Министрлік: 42500 теңгенің қайта төлене бастауы туралы ақпарат жалған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілердегi Қазақстан Республикасында жаңа шектеу шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қайта бастау туралы ақпарат тараған. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл хабардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Министрліктің мәліметінше, бұрын айтылғандай, 42500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем енгізу төтенше жағдай жарияланғанына байланысты болатын.

"Ағымдағы жағдайда қолданылып жатқан - ол шектеу шараларын күшейту, осыған байланысты төлемдерді жүзеге асыру үшін заңнамалық негіздер жеткіліксіз.
Осыған байланысты, азаматтардан жалған ақпараттарға сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуiн сұраймыз", - дейді ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов күшейтілген карантин шаралары енгізгеніне қарамастан, 42 500 теңге мөлшерінде жәрдемақыларды төлеуге заңды тұрғыда негіз жоқ деп мәлімдеген болатын.

Тағы да оқыңыздар

Атырау тұрғындарына 23:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынды

Сонымен қатар алматылықтар күшейтілген карантин кезінде қандай төлемге өтініш бере алатынын жазған едік.

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлының айтуынша, локдаун кезінде әрі онсыз да өмірлік қиын жағдайдағы немесе табысы қысқартылған отбасылар атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгіне алады.

Фото: coronavirus2020.kz Telegram арнасы

Фото: coronavirus2020.kz Telegram арнасы

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрлік: 42500 теңгенің қайта төлене бастауы туралы ақпарат жалған