RU

Қазақстандық белгілі каскадер пневмониядан көз жұмды

Telegram logo VKontakte logo

Актер әрі каскадер Мұрат Мұқашев пневмониядан Алматы ауруханасында қайтыс болды. Ол бір аптаға жуық ауруымен күрескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Мұқашев. Фото: instagram.com/nomadstunts

Мұрат Мұқашев. Фото: instagram.com/nomadstunts: Instagram

Суыт хабар жайлы Facebook парақшасында оның әріптесі әрі досы Ерден Телемісов хабарлады.

Оның сөзінше, соңғы үш күнде Мұраттың температурасы көтеріліп, тыныс алуы қиындаған.

Кеше таңертең оны ауруханаға алып кеткен. Ал бүгін актердің қазасы жайлы суыт хабар жеткен. Марқұм тірі болса биыл 52 жасқа толар еді.

Мұраттың қазасы жайлы өзі өнер көрсеткен Nomad Stuns каскадерлік тобы да желіде жазып, жақындарына көңіл айтты.

"Бүгін таңертең біздің бауырымыз, актер және каскадер Мұрат Мұқашев өмірден озды. Мұрат пневмонияның асқынуынан қайтыс болды. Туған-туыстарына және жақын-жолдастарына көңіл айтамыз. Иманды болсын!", - дейді Nomad Stuns каскадерлік тобы.

Тағы да оқыңыздар

Елордалық инфекционист: Бұрын үйіміз болса деп армандайтын едік, қазір індет бітсе екен деп тілеймін

Айта кетейік, Nomad Stuns каскадерлік тобы 2000 жылы қоюшы Жайдарбек Құнғожинов құрған кәсіби каскадерлардан тұратын халықаралық ұйым.

2015 жылы бұл топ әлемдегі ең үздік каскадерлік команданың бірі атанған.

Nomad Stuns "Мулан", "47 ронинов" және тағы басқа көптеген голливудтық фильмдерге қатысқан.

Мұқашев каскадерліктен бөлек, семсерлесу, атпен серендеу, ат акробатикасы, садақпен ату сынды спорт түрлерімен айналысқан.

Оның актерлік мансабы кішкентай күнінен басталған. Мұқашев үш жасында-ақ, "Ақ автомобиль" ("Алпамыс мектепке барады" фильмінің тарихы) фильмінің бір эпизодында ойнаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстандық белгілі каскадер пневмониядан көз жұмды