Выйти
RU

Әлемдегі ең қарт сиам егіздері қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та 68 жасында әлемдегі ең қарт сиам егіздері Ронни мен Донни Гэлион қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: Daily Star

Фото: Daily Star: Depositphotos

Осыдан шамамен 10 жыл бұрын Ронни мен Донни қамқорлығында болу үшін Огайо шататында тұратын ағасы Терридің қолында баруға мәжбүр болған еді. Сол кезде 200-ге жуық ерікті тұруға ыңғайлы болуы үшін оның үйін жөндеп берген болатын.

"Ронни мен Донниға оның (ред. ағасының) үйіне көшуге көмектескені үшін қоғамдастыққа алғыс айтамын. Бұл оларға өз отбасымен соңғы 10 жылда бірге тұруға мүмкіндік берді", - дейді марқұмдардың ағасы Джим журналистерге.

Дегенмен денсаулық жағдайлары нашарлап кеткен соң егіздерге ол үйден хосписке көшеуге тура келген. Ол жерде оларға арнайы мамандар қараған.

Тағы да оқыңыздар

"Қарбызды қабығымен жегізді": Балаларды жазалаған ер адам жұрттың ашуына тиді

Айта кетейік, бұған дейін қайтыс болған сиам егіздері Чанга мен Энга Банкерлер 62 жыл өмір сүрген еді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өзбекстанның Самарқанд қаласында сиам егіздері дүниеге келгенін хабарлаған едік.

Олардың ортақ бір денесі, бір жұп қолы мен аяғы, бір жүрегі, екі өкпесі, бір асқазаны және бір жатыры бар. Сәбилер сиам егіздерінің сирек кездесетін – дицефалдық парапагтар деген тобына жатады.

Қазір сәбилер Самарқанд облыстық балалар көпсалалы медициналық орталығындағы жаңадан туған нәрестелерге арналған қарқынды терапия бөлімінде ем алуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемдегі ең қарт сиам егіздері қайтыс болды