RU

"Қара пакетке оралған денелер": Маңғыстау әкімдігі желіде тараған видеоға пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар бір-біріне жантүршігерлік видео жіберіп жатыр. Кадрда қара пакетке оралған жерде жатқан денелер бейнеленген. Желіде тараған хабарламада видеоның Ақтаудағы медициналық мекемелердің бірінде түсірілгені айтылған. Бұл жайтқа қатысты Маңғыстау әкімдігі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды: UGC

Әкімдік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. Ведомство аталмыш видеоның облыс пен қаладағы ешбір ауруханаға қатысы жоғын айтты.

"Қара пакетпен оралған науқастардың мүрдесі бар видео Маңғыстау облысына еш қатысы жоқ. Сондықтан бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Аталған видеоны Ақтау қаласындағы ауруханамен байланыстырмауларыңызды сұраймыз", - деп жазды облыстық әкімдік желіде.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Қара пакетке оралған денелер": Маңғыстау әкімдігі желіде тараған видеоға пікір білдірді