Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей қазағы Димаш Құдайбергенге арнап күй шығарды (видео)

Опубликовано:

Ресейде тұратын этникалық қазақтар Димаш Құдайбергенге арнап күй шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: Depositphotos

Айта кетейік, Ұлттық домбыра күніне орай "QazAlliance" шетелдегі қазақстандықтар альянсы "World Dombyra Festival" жобасын қолға алған болатын.

Аталған жобаға әлемнің 25 елі мен 36 қаласынан қазақстандықтар мен этникалық қазақтар қатысты. Олардың барлығы дерлік - домбыра шеберлері.

Жоба аясында еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергенге арналған "Димаш Байжұма" күйі жарыққа шықты.

"World Dombyra Festival" жобасына Ресейдің Алтай Республикасынан қатысушы Жанайдар Нұрсалиев осылайша Димаштың құрметіне күй арнап, барлық қазақстандықтарды және Димаштың өнеріне тәнті жанкүйерлерді ("Dears") ерекше қуаныш пен шаттыққа бөлеген.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан халқы ұлттық домбыра күнін атап өтуде. Домбыра күнімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.

Президенттің сөзінше, халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген.

Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1863547-resej-kazagy-dimas-kdajbergenge-arnap-kj-sygardy-video/

pixel