Выйти
RU

Денсаулық сақтау министрі желіні шулатқан шымкенттік дәрігердің видеосына жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі желіде тараған шымкенттік дәрігер Айна Бакееваның коронавирусты емдеу хаттамасын қайта қарастыру қажеттігі туралы видеосына байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі: UGC

Бұл туралы Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Бұл видео таралып жатыр. Жеке клиниканың дәрігері - терапевт-реабилитолог емдеу және асқыну жағдайларына болжам жасай келе азаматтарымызды ем алудан бас тартуға шақырады. Бұл роликке қазіргі уақыттың өзінде денсаулық сақтау жүйесі мамандары түрлі пікір айтып, өңірлердегі дәрігерлер өз ойларын ортаға салды. Қазіргі кезде Қазақстанда қолданылып жатқан барлық клиникалық хаттамалардың ең алдымен халықаралық деңгейде мойындалғанын, нақтыланған әдістемелердің қолданыста екендігін түсіну өте маңызды", - деді ол.

Министрдің сөзінше, науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер препаратты қалай және қандай мөлшерде қолдану керектігін, кімде асқыну бар екенін, кімге препаратты қолдануға болмайтынын жақсы біледі.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде екі қала 5 шілдеден бастап жабылады

"Әріптестеріміз аталған дәрігермен байланысып, сөйлесіп, дәйектері мен дәлелдерін тыңдауға, оны ғылыми қауымдастықта талқылауға тырысқан болатын. Өкінішке қарай, оған қоңырау шала алмадық. Әріптестеріміз үйіне де барды. Алайда, байланыса алмадық. Бірақ біз бұл жайттарды кез келген уақытта талқылауға дайынбыз", - деді Цой.

Еске сала кетсек, медицина қызметкері Айна Бакеева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеуін жолдаған еді. Онда дәрігер коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Денсаулық сақтау министрі желіні шулатқан шымкенттік дәрігердің видеосына жауап берді