RU

Коронавирустың екінші толқыны қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін

Дүниежүзілік WMA дәрігерлер кәсіподағының бұрынғы басшысы, профессор Леонид Эйдельман коронавирустың екінші толқыны басталуы мүмкін мерзімді атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / Александр Кряжев
Фото: РИА Новости / Александр Кряжев: Instagram

Ол COVID-19 вирусының екінші толқыны басқа аурулардың маусымдық өршуі кезінде, яғни қараша-желтоқсан айларында болуы мүмкін екенін алға тартты.

"Оған жақсы дайындалу керек, өйткені жағдай COVID-19 симптомдарына ұқсас ЖРВИ-дің маусымы келгенде қиындауы мүмкін. Біз қараша-желтоқсан айларында үлкен толқынды күтіп отырмыз. Себебі ол уақытта жыл сайын респираторлық аурулар өрши түседі. Жөтеліп, түшкіргендерді коронавирустан ажырату қиын болмақ. Бұл үлкен мәселі", – деді профессор.

Дәрігердің сөзінше, қарашада коронавирус жұқтырғандарға ЖРВИ симптомдары бар науқастар қосылса, денсаулық сақтау жүйесі толығымен тиімді жұмыс істеуі тиіс. Ол барлық есептеу бойынша, аурудың күзгі толқыны карантин шектеулерін алып тастағаннан кейін көбейген жазғы өсіммен салыстырғанда едәуір ауыр болатынына сенімді.

Қазіргі кезде, Эйдельманның пікірінше, осы көктемде айтылған бүкіл әлем бойынша коронавирустың екінші толқынының таралуы байқалады.

"Әлемде дерті жұқтырғандардың саны өсіп келеді. Италия, Германия сияқты өсімі төмен елдер бар және Үндістандағы жағдай сияқты жоғарылар бар. Соңғы кезде Қытайда қайтадан бірнеше вирус ошағы пайда болды. Осылайша, жер жаһанда инфекция жұқтырғандардың саны 11 миллионнан асты және кейбір зерттеулерде, соның ішінде Нью-Йоркте және басқа елдерде алынған деректерді экстраполяцияламасақ, вирус жұқтырғандардың саны анықталғандардың санынан асып түседі", – дейді дәрігер.

Профессор қазір бүкіл ел бойынша шектеулер енгізу дұрыс емес екенін білдірді. Өйткені, экономикалық дағдарыстың шиеленісуіне әкелуі мүмкін. Оның пікірінше, көп жағдай тіркелген аймақты ғана карантинге жабу дұрыс шешім.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар 47 171-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 1452 адамнан COVID-19 анықталған.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой Қазақстанда қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 232-ге жеткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863568-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-karasa-zeltoksan-ajlarynda-bastaluy-mmkin.html