RU

Еліміздің тағы бір облысында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілді

Telegram logo VKontakte logo

Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Муликова Неилинің "Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы" қаулысы шақты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Тиісті құжатқа сәйкес, 6 шілде, сағат 00:00-ден бастап келесілердің қызметіне тыйым салынады:

  • азық-түлік супермаркеттері мен оларда  орналасқан дәріханаларды қоспағанда, сауда орталықтары мен сауда желілері;
  • ойын-сауық нысандары: караоке, бильярд, компьютерлік және түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар, кинотеатрлар;
  • мәдени нысандар, діни орындар, балабақшалар мен лагерьлер, білім беру орталықтары, банкет залдары және т.б;
  • СПА-орталықтардың, жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр мен педикюр;
  • жабық (ғимараттарда, үй-жайларда орналасқан) азық-түлік және азық-түлік емес базарлар.
  • Көпшіліктің қатысуымен, оның ішінде үй-жайларда іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтандағы қатаң карантин: Шектеулердің толық тізімі жарияланды

Қоғамдық орындарға, соның ішінде адамдар көп жиналуы мүмкін нысандарға барған кезде тұрғындар бетперде киюге және антисептиктерді қолдануға қойылатын талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Саябақтарда, скверлерде, алаңдарда және басқа да демалыс орындарында сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін серуендеуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан азаматтардың және 3 адамнан астам топтардың жүріп-тұруы шектеледі;

Қоғамдық көліктер 07.00-ден 10.00-ге дейін және  17.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар 47 171-ге жеткен. Өткен тәулікте тағы 1452 адамнан COVID-19 анықталған. Оның 1671-i Жамбыл облысының аумағында тіркелді.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алейсей Цой Қазақстанда қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 232-ге жеткенін мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

Қарағанды облысындағы карантин: Қандай нысандар жұмыс істейді

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Еліміздің тағы бір облысында қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілді