Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы көмектеспейтін дәрілерді атады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау ведомствосының басшысы Алексей Цой коронавирус инфекциясынын жазылуға көмектеспейтін дәрілерді атады. Айтуынша, адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, сол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Алайда оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", – деді министр онлайн-брифингте.

Ол аталған мәселенің вирусқа қарсы препараттарға да қатысты екенін жеткізді. Айтуынша, қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда сол сияқты 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер.

"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің The New York Times басылымында жарияланған "соңғы екі аптада Қазақстан коронавирус індетінің таралуы бойынша көш басына шықты" деген ақпаратына қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863580-densaulyk-saktau-ministri-koronaviruska-karsy-kmektespejtin-drilerdi-atady/

pixel