Выйти
RU

Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдетуге арналған 10 аппарат жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: РИА Новости / Кирилл Каллиников

Көрнекі фото: РИА Новости / Кирилл Каллиников: Facebook

Бүгін Тбилисиден Алматыға "Грузияның индустриялық тобы" директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілді.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі достас Грузия халқына, "Грузия индустриялық тобының" басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1403 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Жалпы, республика бойынша науқастар саны 48 574-ке жетті.

Сондай-ақ бұған дейін Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирус індетінің таралуының алдын алу мақсатында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Муликова Неилинің "Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы" қаулысы шаққанын хабарлағанбыз.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 232-ге жетті

Аталған құжатқа сәйкес, 6 шілде, сағат 00:00-ден бастап өңірде қатаң карантин шаралары енгізіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грузиядан Қазақстанға өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді