RU

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

Қазақстанның денсаулық сақтау ведомствосы коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Болжам бойынша вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады", – делінген министрліктің хабарламасында.

Болжам бойынша, вирусқа қарсы екпе егілетін адамдар саны – 2 миллион 347 мың.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткен соң ғана басталуы мүмкін.

"Қазіргі таңда вакцина әлі әзірленген жоқ және бағасы да белгіленбеген", – деді ведомство өкілдері.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі елде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 1403 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Жалпы, республика бойынша науқастар саны 48 574-ке жетті.

Сондай-ақ бүгін Тбилисиден Қазақстанға "Грузияның индустриялық тобы" директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвилидің атынан Нұр-Сұлтан медициналық мекемелері арасында таратылатын өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк жеткізілгенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1863603-elimizde-koronaviruska-karsy-vakcina-birinsi-kezekte-kimderge-egiledi.html