Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шөмішбай Сариев Елбасын туған күнімен құттықтап, өлең арнады (видео)

Опубликовано:

Сыр елінен шыққан танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, өлең жолдарын арнады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Facebook

Әр қазақ жатқа білетін "Атамекен-ай" әнінің, сондай-ақ, ел арасында кеңінен таралған белгілі әндердің сөзін жазған ақын Елбасыға жүрекжарды тілегін арнады.

Қызылорда өңірінен шыққан өнер иесі Нұрсұлтан Әбішұлының ел мен жер үшін атқарған өлшеусіз еңбегін атап өтіп, оған бір шумақ өлеңін арнады.

"Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен қазақ халқының ақыны, Сыр елінің перзенті ретінде өз жерімнің атынан құттықтаймын!
Сіздің ел үшін, халқымыз үшін, ұлтымыз үшін атқарған ісіңіз ұлан-ғайыр, ұшан-теңіз. Сіз тарихтың адамысыз. Сіздің үлкен еңбектеріңізге аспан мен жер куә, халқымыз бен ұлтымыз куә.
Осы тойыңызға арналған құттықтауымды бір өлеңмен аяқтағым келіп тұр:
Қазақ десе күллі әлем елеңдер,
Осындайда, уа жүргеім, толғашы.
Мерейтойың құтты болсын кемеңгер!
Туған күнің құтты болсын Елбасы!", – деп өлең жолдарын арнады ақын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан құттықтау хаттар келіп жатқанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863608-smisbaj-sariev-elbasyn-tugan-knimen-kttyktap-le-arnady-video/

pixel