Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент тұрғыны тегін таратылуы тиіс дәрілерді сатып келген

Опубликовано:

Шымкентте экономикалық тергеу қызметі дәрі ұрлау фактісін әшкерелеп, заңсыз дәрі сатылымын тоқтатты. Бұл туралы қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Дәрі-дәрмекті ешбір рұқсат қағазсыз сатып келген күдіктіден тәркіленген препараттардың арасында пациенттерге тегін берілуі тиіс дәрілер де бар болып шыққан.

"Шымкенттік тұрғынның дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатумен айналысқаны анықталды. Оның қолындағы дәрі-дәрмектің бір бөлігінің медициналық мекемелерден халыққа тегін таратылуы тиіс партиядан ұрланғандығы белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған дәрі-дәрмек көлемі мен мөлшері анықталуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау ведомствосының басшысы Алексей Цой коронавирус инфекциясынын жазылуға көмектеспейтін дәрілерді атаған болатын.

Министрдің айтуынша, адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, сол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Алайда оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863612-symkent-trgyny-tegin-taratyluy-tiis-drilerdi-satyp-kelgen/

pixel