Выйти
RU

Алматыда пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінгі онлайн-брифинг барысында оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайға пікір білдірді. Ол үкімет бекіткен шаралардың барлығы қабылданып жатқанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: safire.ru

Көрнекі фото: safire.ru

Сағынтаев қаладағы жағдайды тұрақтандыру үшін кешенді жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, резервтік төсек-орын қорын салу, зертханалардың қабылдау әлеуетін арттыру, стационарлық ауруханаларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және дәріханалардағы дәрі-дәрмек көлемі мен бағаларын бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"Бүгінгі жағдай мен инфекцияның таралуына қатысты болжамдарды ескере отырып, дәрігерлер мен орта және кіші медицина қызметкерлерінің қосымша топтары құрылды. Біліктілікті арттыру бойынша онлайн курстар өткізіледі. Қалада қосымша еріктілерді жинау және қажет болған жағдайда мамандандырылмаған дәрігерлерді жедел қайта даярлау жүзеге асырылады", – деді Сағынтаев.

Белгілі болғандай, қалада жағдайы орташа ауыр және ауыр науқастар саны артып келеді. Сондай-ақ Алматыда пневмонияға шалдыққандар саны күрт көбейді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тыныс алу органдарының ауруларынан қайтыс болғандардың үлесі 68,6%-ға өскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті