Выйти
RU

Алматылық "жасотандықтар" Елбасын туған күнімен ерекше құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының алматылық филиалы Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ алматылық "жасотандықтардың" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz: Facebook

"Жасотандықтар" Елбасының туған күніне орай әсерлі бейнеролик жариялап, ерекше құттықтауларын жеткізді.

"Алматылықтар Елбасын туған күнімен құттықтап, оған мықты денсаулық, белсенді және ұзақ ғұмыр тілеп, Қазақстан халқының игілігі үшін әлі де тың жоспарлар мен бастамалар жүзеге асыратынына сенім білдірді", – делінген бейнероликтің жазбасында.

Сонымен қатар, "Jas Otan" жастар қанаты алматылық филиалының өкілдері сый ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған "Үшқоңыр" әнін орындап берді.

Тағы да оқыңыздар

Халықаралық қалалар қауымдастығының өкілдері Елбасын келе жатқан мерейтойымен құттықтады

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан құттықтау хаттар келіп түскенін жазғанбыз.

Атап айтқанда, Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Армения президенті Армен Саркисян, Украина президенті Владимир Зеленский, Польша президенті Анджей Дуда, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Литва президенті Гитанас Науседа, Латвия президенті Эгилс Левитс, Иордания Королі ІІ Абдалла ибн Хусейн әл-Хашими, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель өз құттықтауларын жолдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматылық "жасотандықтар" Елбасын туған күнімен ерекше құттықтады