Выйти
RU

Назарбаев өзінің туған күнінде халыққа бейнеүндеу жолдады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін 80 жасқа толып отырған Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа бейнеүндеу жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды: UGC

"Қадірменді халайық! Бәріміз де қиын кезеңді бастан кешіріп жатырмыз. Бүкіл дүниемен бірге көріп жатқан нәрсе бұл. Мен ол қиыншылықтарды өз басымнан өткіздім.
Осы кезде жанашырлық білдірген барлық жерлестеріме, отандастарыма шын көңіліммен тағы бір ризашылығымды айтқым келеді. Сіздердің Қазақстанның әр саласынан, әр түкпірінен, әр өнеркәсіптен, мәдениеттен, спорттан, денсаулық сақтау жүйесінен маған айтып жатқан тілектеріңіздің арқасында күш-қуат алып, емделіп шықтым. Көп рақмет!
Қазір де сырқаттанып, қиналып жатқан жандар бар. Солардың баршасы аман-есен емделіп шығады деп сенемін. Себебі оған сену керек. Көнбеу керек, жеңу керек. Біз одан күштіміз деп санасаңыздар, барлығын жеңеміз. Біз көп нәрсені жеңіп келе жатқан батыр бабалардың ұрпағымыз. Құдай бұйыртса, бұдан да өтеміз", – деді Елбасы.

Сондай-ақ ол туған күніне орай бүкіл дүниежүзінен, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатқан құттықтаулар мен ізгі тілектерді оқып жатқанын жеткізді.

"Құттықтау жолдаған барлық шет мемлекеттердің басшыларына, қайраткерлері мен саясаткерлеріне және қазақстандықтарға рақмет айтамын. Баршаңызға шын көңілімнен үлкен табыс, бақыт тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бұл нәубеттен де өтеміз. Ертеңгі күні жүзіміз жарқын болып, талай кездесетін боламыз", – деді Назарбаев.

Еске сала кетейік, жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирустан жазылып шыққанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев өзінің туған күнінде халыққа бейнеүндеу жолдады