Выйти
RU

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордадағы бірқатар нысандарды аралады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар медициналық нысандар мен дәріханаларды, сондай-ақ сауда орталықтарын аралады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

Алдымен аймақ басшысы қала тұрғындары жиі баратын "Magnum", "Small" сауда орталықтарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларымен танысты.

​Ол облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы мен қала әкіміне азық-түлік өнімдерінің бағасын негізсіз өсуін болдырмауды және бірінші қажеттілікке жататын нан, сүт өнімдерінің бағасын үнемі қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес кауіпсіздік шараларды қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де ескертті.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

Содан соң Әбдіқалықова өңір тұрғындарына алғашқы көмек көрсететін жедел медициналық көмек орталығының жұмысын көрді.

​Жедел жәрдем орталығының дәрігерлері бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күніне келіп түсетін қоңыраулардың саны соңғы үш күнде азайғанын, дегенмен, диспечерлер мен бригададағы мамандардың әлі де жетіспейтінін жеткізді.

Аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкіміне орталықтағы диспетчерлердің санын көбейту үшін шаралар қолдануды тапсырды. Сонымен қатар, жұмысқа медициналық колледждердің түлектерін еріктілер ретінде тартып, оларға қолдау көрсету мақсатында жеке кәсіпкерлермен бірлесіп жұмыс атқару қажеттігін атап көрсетті.

​Бұдан кейін ол облыстық медициналық орталықта болып, аурухананың жұмысын көрді. Бас дәрігер орталықтың қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілгенін айтып, емделушілердің саны мен жағдайына қатысты есеп берді.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

Сондай-ақ өңір басшысы "Ақ қайың" дәріханасында болды. Дәріхана жетекшісі дәрі-дәрмектердің не себепті жетіспей жатқанын түсіндірді. Гүлшара Әбдіқалықова облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы мен Қызылорда қаласының әкіміне дәрі-дәрмектердің негізсіз өсуін болдырмау мақсатында шаралар қабылдап, бағасын қадағалау және дәрі-дәрмектер бойынша тұрғындар қажет ақпарат алу үшін сенім телефондары мен ватсап желісінен арнайы конференция ашуды тапсырды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

Бұдан кейін ол "СК-Фармация" ЖШС қоймасы мен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының, қалалық орталық дәріхананың және қалалық аурухананың жұмысымен танысты. Дәрігерлер облыс әкіміне дәріхана мен ауруханаларда дәрі тапшылығы мен орын жетіспеушілігі туралы баяндады. Өңір басшысы қала әкіміне тез арада жедел шаралар қабылдауды тапсырды.

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі: Facebook

Сондай-ақ облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жұмысын көрген аймақ басшысы бас дәрігерге, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушыға және қала әкіміне шұғыл түрде диспансердегі емделушілерді Талсуаттағы ғимаратқа көшіріп, 120 орындық жұқпалы аурулар стационары етіп өзгертуді, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордадағы бірқатар нысандарды аралады