Выйти
RU

"Қазақ халқының ұлы перзенті": Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов және "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басшысы Ахметжан Есімов Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz: Depositphotos

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының Қазақстанды дамытудағы ерекше рөлі мен ерен еңбегін атап көрсетті.

"Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы перзенті. Біз әдетте оны «Еліміздің ұлы қайраткері, ұлы перзенті», деп атаймыз. Және бүкіл әлем солай есептейді. Ол расында да ұлы адам және біз оны айтуға тиіспіз. Себебі, әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал. Және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы тиіс", – деді мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыздар

Ресей қазағы Димаш Құдайбергенге арнап күй шығарды (видео)

Фото: elbasy.kz

Фото: elbasy.kz: Depositphotos

Сондай-ақ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделі жоғары екенін атап өтті.

"Ол заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекараларын нақтылады. Бұл күндері Елбасыға қоңырау шалып, құттықтап жатқан әлемнің барлық көрнекті саясаткерлері осыны біледі. 80 жас – бұл әр адамның өміріндегі өте маңызды кезең. Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ өмір тілеймін. Оның біздің халқымызға, мемлекетімізге әлі үлкен пайдасы тиетініне сенімдімін", – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық "жасотандықтардың" Елбасын туған күнімен ерекше құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қазақ халқының ұлы перзенті": Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады