Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парацетамол мен ибупрофенді кімдерге ішуге болмайды

Опубликовано:

"Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доценті Нұрила Малтабарова температурасы 38,5 градустан төмен ересектерге парацетамол мен ибупрофен ішуге болмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Sputnik / Александр Кряжев
Фото: Sputnik / Александр Кряжев: Instagram

Бұл жөнінде Нұрила Малтабарова оңтүстік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында қозғады.

Оның сөзінше, бұл препараттар қабынуға қарсы дәрілер тобына жатады. Дәрігерлерде оларды қолданудың нақты хаттамасы бар.  

"Парацетамол мен ибупрофенді ересектер температурасы 38,5 градустан жоғары болған кезде ғана ішуі керек. Бұл препараттардың түрлі баламасы бар. Алайда дәрілердің кері әсері болуы мүмкін екенін ұмытпау қажет", - деді медицина ғылымдарының кандидаты

Ол неврологиялық сырқаттармен есепте тұрған балалардың  температурасы 37,5 градус болғанда парацетамол тағайындалатынын айтты.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 48 574 адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың жарымға жуық науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863659-paracetamol-men-ibuprofendi-kimderge-isuge-bolmajdy/

pixel