Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үйлену тойы кезінде күтпеген жағдай орын алды (видео)

Опубликовано:

Алматы тұрғындары карантин кезінде үйде той өткізуге тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары жасырын жиынның үстінен түсіп, мерекелік кешті тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

StopCov Almaty Telegram арнасы таратқан ақпаратқа сәйкес, оңтүстік астана тұрғындары қатаң шектеу шараларына қарамастан, отыз адамның басын қосып, үйлену тойын ұйымдастырған. 

"Той Ақжар шағын ауданына қарасты Жаңашаруа көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Наурызбай ауданы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірге, салтанатты жиынның қызған кезінде үстінен түсті. Отбасылық шара тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 48 574 адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың жарымға жуық науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Еске сала кетсек, осыған дейін атақты айтыскер ақын Мұхтар Ниязов елде коронавирус індеті өршігенін көріп тұрып, той жасап жатқан азаматтарды сынның астына алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863660-almatyda-jlenu-tojy-kezinde-ktpegen-zagdaj-oryn-aldy-video/

pixel