Выйти
RU

Жақында туристерді қабылдайтын Таиланд коронавирусты қалай тоқтатпақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таиландта тәртіп сақшыларының арнайы тобы коронавирус жұқтырған туристерді бақылайды, өйткені ел саяхатшылар үшін әуе кеңістігін ашуға дайындалып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bangkok Post газетіне сілтеме жасап.

Таиланд туристерді бақылау арқылы коронавирустың өршуін тоқтатпақ

Көрнекі фото: pixabay.com

Мұндай жаңашылдық болашақта коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін жоспарланған.

Туристерді бақылауға Таиландтың Орталық тергеу бюросы (CIB) жауап береді.

Қызметкерлерді Таиландтың теңіз және жол полициясы департаменттерінен, сондай-ақ, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны күзету бөлімдерінен іріктеп алуды жоспарлап отыр. Жаңа бөлімнің қызметі негізінен туристік бағыттар мен көлікпен байланысты болады.

Мәселен, теңіз полициясы туристердің судағы қозғалысын бақылауды жоспарлауда.

Шетелдік қонақтарды тексеру, дене қызуын өлшеу және маршруттарды белгілеу үшін жол бойында бақылау-өткізу пункттері пайда болуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда коронавируспен ауырғандарға қосымша 500 төсек-орын ашылады

Полиция туристерге, соның ішінде оларға көмектесуге арналған онлайн-қосымшаны құруды да ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда соңғы бір аптада коронавирус инфекциясынан 76 науқас қайтыс болды.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 48 574 адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың жарымға жуық науқас тіркелді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жақында туристерді қабылдайтын Таиланд коронавирусты қалай тоқтатпақ